«1,6 млрд теңге шығын»: Елордалық полицейлер алаяқтар тобын әшкереледі

Олар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген.

«1,6 млрд теңге шығын»: Елордалық полицейлер алаяқтар тобын әшкереледі
669

Алаяқтар кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын жердегі өзге мемлекеттерге сатып жіберген, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңгені құрады. Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, сондай-ақ, іске қатысы бар мәліметпен бөлісу үшін полицияға хабарласу қажет», - деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары