ТЖМ: Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр

«Ақсай» бассейнін салған мердігер ақша жымқырып, нысанның құрылысында қате жіберген.

ТЖМ: Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр
t.me/KZgovernment
1074

Алматыдағы «Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгеттен ақау табылды. Оны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов анықтаған.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Шыңғыс Арынов «Ақсай» бассейніндегі селді бөгейтін бөгетті тексере келе, оны салған мердігер міндеттемелерін орындамай, заң бұзғанын анықтаған. 

«Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін "Қазселденқорғау" басшылығы тиісті материалдарды ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне берді. Осылайша, Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу бастады», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары