Қазақстанға бидайды сырттан әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды

Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.

Қазақстанға бидайды сырттан әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды
sn.kz
938

Елімізге сырттан бидай әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №125 бұйрығымен бидайды Қазақстан Республикасына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тек қана өндіріс пен тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен жеткізуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көлігімен әкелуге тыйым салу белгіленді.

«Уақытша тыйм 2024 жылдың 12 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге енгізіледі. Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға және ұн тарту мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды әкелуге қолданылмайды», - делінген хабарламада.

Әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары