«Қыздар ерлерге қарсы келгенде әкенің белінен шыққанын ұмытпасын»: Сәкен Майғазиев жастарға ақыл айтты

Белгілі әнші әкесін идеал тұлға ретінде санайтынын айтты.

«Қыздар ерлерге қарсы келгенде әкенің белінен шыққанын ұмытпасын»: Сәкен Майғазиев жастарға ақыл айтты
Видеодан алынған скриншот
1025

Әнші Сәкен Майғазиев «Сәлем, әке» фильмін жарнамалау мақсатында түсірілген жобада отбасы мүшелері жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

- Әкеміз бізге дауыс көтеріп, айғайламаса да үлгі бола білді. Олар бізді сөзбен емес, іспен тәрбиеледі. Мысалы, әкеміз «Балам, ананы ұрлама, мынаны алма, жақсы оқы» деген сөздерді айтқан емес. Өзі көрсетті, өзі идеал болды. Мен соған еліктедім. Әкем сияқты болғым келді. Кейде сондай дүниелер болады. Ештеңе айтпайды, айқайламайды. Бірақ сен ол адамды түсінесің. Әкенің не айтқысы келіп тұрғанын жарты сөзінен-ақ ұғатынбыз. Қас-қабағына қарап-ақ көп нәрсені аңғаратынбыз. Сондықтан әке деген мен үшін идеал адам. Мен кез келген жерде бұл жайлы айтып жүремін. Тіпті сахнада да "Қыздар, ер балаларға қарсы шығар кезде әкенің белінен шықтым деп естеріңді жиыңдар" деймін. Ал ұлдарға "Қыз балаларды қорлар кезде мен ананың алтын құрсағынан шықтым деп өздеріңе келіңдер" дегенді жиі айтамын, - деді әнші.

<

>

Серіктес жаңалықтары