1104
Қазақстанда мамыр айындағы демалыс күндері ауыстырылды
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күні 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын: демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын», - деп жазылған құжатта.
Яғни, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 7, 8 және 9 мамыр. 4 мамыр – жұмыс күні.
Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.