696
Экономикалық контрабанда жасаған күдікті Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
Ол экономикалық контрабанда жасағаны үшін іздеуде жүрген еді.
Қазақстан ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша түрік әріптестерімен бірлескен әрекет барысында және ҰҚК мен ҚР Елшілігінің қолдауымен “қызыл бюллетень” бойынша халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен 56 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген. Белгілі болғандай, 2017 жылы күдікті және басқа да адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан Түркия Республикасына бағалы металл – алтынды заңсыз әкеткен.
Қазіргі уақытта ер адам депортацияланып, Алматыда қамауға алынды. Ер адам көліктегі полиция департаментінің бастамасымен ұсталды.