Нұрлан Нығматулин ЭКСПО көрмесіне билет сатып алды

Нұрлан Нығматулин ЭКСПО көрмесіне билет сатып алды

Нұрлан Нығматулин ЭКСПО көрмесіне билет сатып алды
ашық дереккөзі
200
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен бірқатар депутаттар «Астана ЭКСПО-2017» аумағында болып, құрылыс нысандарымен танысты және Халықаралық көрмеге дайындық мәселесіне арналған кеңеске қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ЭКСПО-2017 нысандарын аралау барысында Н. Нығматулин Халықаралық көрмеге билет сатып алды. Осы орайда Мәжіліс төрағасы бүгінде көрме жаһандық ұлттық жоба мәртебесіне ие болып отырғандығын атап өтті»,-делінген Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарламасында. Ол қазіргі кезде көрме аясында ауқымды жұмыстар атқарылғанына тоқтала келе, таяу уақытта Астана энергия үнемдеу мен баламалы энергия көздерін пайдалануда әлемдік үздік технологиялар үшін орталық алаңға айналатынын атап өтті. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық жоғары беделінің арқасында еліміз осы бірегей шараны өткізу құқығына ие болды»,-деп еске салып өтті Нығматулин. Оның сөзіне қарағанда, көрмеге дайындық аясында депутаттық корпус та елеулі үлес қосты, яғни Халықаралық көрмелер туралы конвенция ратификацияланды, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме мәселелер жөнінде Заң қабылданды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдері құрылыс барысы жайында тыңғылықты мәлімет беріп, алдағы уақытта атқарылатын шаралар жайында баяндап берді. Айта кетейік, Ұлттық павильонның құрылысы 2017 жылдың мамыр айында толықтай аяқталады. Қазіргі кезде бұл нысанда ішкі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары