770
Су тасқыны: Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Жүкті Өзбекстан президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған жұмыс тобы алып барып, табыстайды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберу туралы тапсырма берді, деп жазады turkystan.kz.
Министрлер кабинетінің өкімі негізінде 15 жүк көлігіне гуманитарлық жүк артылып, оларды жеткізу бойынша тиісті ұйымдастырушылық мәселелер шешілді. Жүкті Өзбекстан президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған жұмыс тобы алып барып, табыстайды, - делінген Өзбекстан үкіметінің хабарламасында.