Қоңқабаев Жалоловты жіті зерттеп, тактика жағынан айласын асырса, жеңуге мүмкіндігі бар – Олимпиада жүлдегері

Жалолов – өте ақылды боксшы

Қоңқабаев Жалоловты жіті зерттеп, тактика жағынан айласын асырса, жеңуге мүмкіндігі бар – Олимпиада жүлдегері
©IBA
957

Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Баходир Жалолов (14-0, 14 КО) пен Қамшыбек Қоңқабаевтың (5-0, 4 КО) арасындағы бәсекеге қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«Маған Жалолов ұнайды. Ол айтарлықтай физикалық қалыбы бар атлет емес. Кейде оның артық салмағы бар екенін байқайсың. Алайда ол – өте ақылды боксшы.Ол артық қимыл жасамайды. Стилі қарапайым, бірақ мейлінше тиімді. Мен оның жетістікте жету құпиясы қажырлығында деп ойлаймын. Бұл оған биік белестерді бағындыруға септігін тигізеді.

Ал оның Қоңқабаевпен текетіресін сөз етер болсақ, ол екеуінің рингте бір-біріне қарсы қанша рет жұдырықтасқанын еске түсіріп көріңізші? Кім көп жеңіске жетіп еді? Сол адам мықты. Қамшыбек қарсыласын жіті зерттеп, тактика жағынан айласын асырса, онда жеңуге мүкміндігі бар. Бәлкім, ол мұны алдағы Олимпиадада іске асыратын шығар. Егео олай істейтін болса, жақсы болар еді", – дейді Демьяненко.

Серіктес жаңалықтары