Қазақстандық боксшы қыз Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шықты.

Қазақстандық боксшы қыз Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді
Фото: Sports.kz
1507

Қазақстандық спортшы, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базарова Астанада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, хабарлады turkystan.kz сайты Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі боксшылар арасындағы кездесуде қазақстандық боксшы Тәжікстан спортшысы Фотима Бекмурадовамен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, сенімді түрде жеңіске жетті.

Енді Элина Базарованың финалдағы қарсыласы – үнді боксшысы Преети Преети.

Серіктес жаңалықтары