563
Нигерияда қызылша індетінен қырықтан астам адам көз жұмды
Оған негізінен 5 жасқа дейінгі балалар шалдығады
Нигерияның солтүстік-шығысында жайылған қызылша індетінен 42 адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Адамава солтүстік-шығыс штатында бір апта ішінде қызылшадан 42 өлім тіркелген.
Қызылша – ауа-тамшы жолымен жұғатын өте жұқпалы вирус. Оған негізінен 5 жасқа дейінгі балалар шалдығады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қауіпті дерттің алдын қосдозалы вакцинамен алуға болады.
Адамаваның денсаулық сақтау комиссары Феликс Тангвами қызылшаның көбеюі негізінен аумақтағы екі ауданда болған.
Бұл аудандарға қызылшаға қарсы екпе жеткізілді және біздің далалық топ жағдайды бақылауда ұстайды, - деді ол.