«Күшіктерді пандаларға ұқсатып бояп тастаған»: Қытайлық хайуанаттар бағындағы оқиға әлем назарына ілікті
Келушілер мекеме қызметкерлері өздерін алдады деп отыр.
Қытайдың Тайчжоу қаласындағы хайуанаттар бағының қызметкерлері келушілерді тарту үшін иттерді пандаларға бояп тастаған. Бірақ олардың бұл қылығы көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлады turkystan.kz.
1 мамырдан 5 мамырға дейін пандаларды тамашаймыз деп келген ондаған мың адамға боялған иттерді көрсетілген. Осылайша, қолдан түрі өзгертілген үй жануарлары хайуанаттар бағына қатысты шағымдардың туындауына себепші болды.
Келушілер мекеме қызметкерлері өздерін алдады деп отыр. Сонымен қатар, олар күшіктерді бояу жануарларға жасалған қатыгездік болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені кейбір бояғыштарда зиянды химиялық заттар болуы мүмкін.
Кейінірек Тайчжоу хайуанаттар бағы "жалған пандалар" шын мәнінде боялған Чоу Чоу күшіктері екенін мойындады. Осылайша, хайуанаттар бағының қызметкерлері келушілер санын көбейтуді көздеген.
Тайчжоу хайуанаттар бағының өкілдері күшіктерді пандаларға ұқсатып бояуда ешқандай зиян жоқ екенін айтып отыр. Олар бұған адамдардың да шаштарын бояйтынын мысалға келтірген.
Айта кетейік, аталған оқиға жайлы әлемдік БАҚ өкілдері жазып жатыр.