Бразилиядағы су тасқыны кезінде үйдің шатырына шығып кеткен жылқы құтқарылды (ВИДЕО)

Бразилияда су тасқыны салдарынан үйдің шатырында бірнеше күн бойы тұрып тұрған жылқы құтқарылды.

Бразилиядағы су тасқыны кезінде үйдің шатырына шығып кеткен жылқы құтқарылды (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот
1133

Жылқының құтқарылуын тамашалаған ғаламтор пайдаланушылары оған алаңдаушылық білдірген және жануарға Карамело деген лақап ат қойып үлгерген, деп жазды turkystan.kz.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қатты су тасқынынан Бразилия 100-ден астам адам қаза тапқан. Сондай-ақ елдің оңтүстігінде бір үйдің төбесіндегі жылқыны журналистер тікұшақта келе жатып камераға түсіріп алған. Видео желіде тез тарап кетті.

Құтқару операциясына қатысқан Сан-Паулу өрт сөндірушілерінің айтуынша, жануар әлсіреп қалған. Мал дәрігерлері шатырға шығып, атты тыныштандырып, арнайы жадықтармен құрғақ аймаққа шығарған.

Құтқару операциясы теледидардан тікелей эфирде көрсетілді. Карамело жергілікті университеттегі ветеринарлық клиникаға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары