977
Ресейде автобус апатынан қаза тапқандар саны артты
Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз
Санкт-Петербургте автобус өзенге құлап, қаза тапқандардың саны 7 адамға жетті, деп жазады turkystan.kz.
Олардың арасында Қазақстанның тумасы да болған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жолаушылар көлігі 15 адамды тасыған. Жолдың қарсы бетіне шыққан автобус екі көлікті соғып, артынша суға құлаған. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жүргізуші қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.