Шошқа бүйрегін салдырған ер адам көз жұмды

Операция жасаған аурухана дәрігерлері оның өлімніне шошқа бүйрегінің қатысы жоқ дейді

Шошқа бүйрегін салдырған ер адам көз жұмды
Guardian
1241

Генетикалық түрлендірілген шошқа бүйрегін салдырған азамат екі айдан кейін қайтыс болды, деп жазады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Операция жасаған аурухана дәрігерлері оның өлімніне шошқа бүйрегінің қатысы жоқ дейді.

Биыл наурыз айында 62 жастағы Ричард Сүлейманға Массачусетс ауруханасында трансплантация жасалды. Хирургтар сол кезде шошқа бүйрегі кем дегенде екі жылға жарайды деп мәлімдегені жөнінде Guardian басылымы жазды.

Массачусетс ауруханасының трансплантациялау тобы Ричард Сүлейманның жақындарына қайғырып көңіл айтты. 

Сүлейман модификацияланған шошқа бүйрегін трансплантациялау процедурасынан өткен алғашқы тірі адам болды. Бұрын эксперимент ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланды. Екі адам шошқа жүрегін салдырған, бірақ екеуі де бірнеше айдан кейін қайтыс болды. 

Серіктес жаңалықтары