1207
Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды
Тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алған
Анар Бурашева - Эверест шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызы, деп жазады turkystan.kz.
8000 метр биіктікке шығу кезінде экспедициялардың көпшілігі кері қайтқан. Тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың қатарында тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан алғашқы қазақ қызы Анар Бурашева да болды.
"Kazakh Everest Team" командасының ең биік шыңға өрмелеп шығуына бес тәулік уақыт қажет болыпты. Эверест шыңында "Kazakh Everest team" спорттық-патриоттық экспедициясының қатысушылары Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерді, - деп жазады ulysmedia.kz.