Ресейдегі автобус апаты: Жүргізуші қамауға алынды

Сот отырысында Курбонов өзі басқарған автобустың тежегішінде ақау болғанын айтып, кінәсін мойындады.

Ресейдегі автобус апаты: Жүргізуші қамауға алынды
Санкт-Петербур қаласы ТЖД
1036

Санкт-Петербург қаласында өзенге құлаған автобустың жүргізушісі қамауға алынды. Ол сотта тежегішінде ақауы бар автобусты басқарғанын мәлімдеді.

DW басылымының жазуынша, Санкт-Петербургтің Октябрь аудандық соты 10 мамырда Мойка өзеніне құлаған автобус жүргізушісі Рахматшох Курбоновты 9 шілдеге дейін қамауға алды.

Ер адам екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзды деп айыпталуда. Жүргізуші жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сот отырысында Курбонов өзі басқарған автобустың тежегішінде ақау болғанын айтып, кінәсін мойындады. Ол қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.

Айта кетейік, Санкт-Петербургтің орталығындағы автобус апатының салдарынан жеті жолаушы қаза тапты, екеуі ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Серіктес жаңалықтары