2311
Композитор Тұрар Әліпбаев су тасқынынан зардап шеккендерге арнап күй шығарды (ВИДЕО)
Биылғы көктемде болған табиғи апатқа байланысты жаңа шығарма дүниеге келді.
«Құрмет» орденінің иегері, күйші, композитор Тұрар Әліпбаев су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау білдіріп, күй шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.
"Елдегі табиғи апат халқымызға оңайға соқпады. Сондықтан мен де рухани тұрғыда өз үлесімді қосқым келді. Күйші, домбырашы болғаннан кейін сіздерге кішкентай болса да рухани азық, жігер беруге тырыстым. "Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ" бұл қиындықтан да өтерміз. Жақсылыққа жете берейік деген ниетпен "Тасқын" деген күй шығардым", - деді автор.