Қазақстан Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасына ие болды

Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.

Қазақстан Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасына ие болды
Спортты дамыту дирекциясы
815

Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.

Бұл ел қоржынына түскен 51-ші жолдама.

Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 50-ші жолдаманы көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.

Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.

Оған дүниежүзінің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Серіктес жаңалықтары