Елімізде алғаш рет бүйрек пен жүрекке қатар операция жасалды

Операция 20-дан астам маманның қатысуымен өтті.

Елімізде алғаш рет бүйрек пен жүрекке қатар операция жасалды
medcentr.biz
584

Қазақстанда алғаш рет жүрек пен бүйрекке қатар операция жасалды. Астанадағы Ұлттық ғылыми мединицаналық орталығының дәрігерлері науқастың жүрегінен және бүйрегінен 60 см-ге жуық ісікті алып тастады, деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Оның салмағы үш келіден асады.

Жәлел Айтмұханбетов ауыр операциядан аман қалғаныма әлі де сене алмаймын дейді. 10 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, енді ғана жалпы палатаға ауыстырылған. Ал дертінің асқынғанына 2 жылға жуықтапты.

Операция 20-дан астам маманның қатысуымен өтті. Дәрігерлер осындай ісікті науқастың бүйрегінен алып тастады.

«Ісік жүрекке дейін жеткен. Жүректің ішіне кіріп, сол себепті науқасқа екі топ хирургтермен ота жасалды. Ерекшелігі - Қазақстанда ешқашан жасалмаған ота», - деді Ұлттық ғылыми медициналық орталығының бөлім басшысы Әнуар Әбдікәрімов.

Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың тек хирургия бөлімінің өзінде күніне кемінде 5 отаға дейін жасалады. Дәл осы дәрігерлер алғаш рет Қазақстанда бұған дейін жасалмаған опреацияны жүргізді. Бұл отаның күрделі болғаны сонша ол - он сағатқа дейін созылған.

Жүректен де, бүйректен де ісікті қатар алған дәрігерлер операция жасау барысында үміт те, күдік те қатар болғанын айтады. Себебі, бүйректегі ісік асқынып, ұлғайып жүрекке шапқан. Бұл өте сирек кездесетін жағдай, дейді мамандар.

 

Серіктес жаңалықтары