Қазақстан футбол лигасының президенті қызметінен кетті

Жаңа басшыны сайлау мәселесі жақын уақытта Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланбақ.

Қазақстан футбол лигасының президенті қызметінен кетті
ҚФФ
556

Қазақстан футбол лигасының мәліметінше, Рафаэль Гарибянның қызметтен кетуіне басқа жұмысқа ауысуы себеп болған. Бұл туралы QFL ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Рафаэль Гарибян QFL (бұған дейін - ҚКФЛ) президенті лауазымына 2023 жылдың 2 мамырында тағайындалған болатын. Оның басшылығымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Айта кетсек, Лига ребрендингі, жаңа регламенттердің қабылдануы, маркетингтік стратегия, жаңа демеушілердің келуі және басқа да жобалар. Бұл жобалар еліміздегі клубтық футболдың дамуына ерекше үлес қосты", - делінген QFL сайтындағы ақпаратта.

Жаңа басшыны сайлау мәселесі жақын уақытта Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланбақ.

Айта кетейік, "Ордабасы" футбол клубының президенті Бауыржан Абдубаитов денсаулығына байланысты қызметінен кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары