Су тасқыны: 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды

Ал мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.

Су тасқыны: 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды
gov.kz
966

Су тасқынынан кейін қазақстандық 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды.

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде болған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінгі таңда 24 641 отбасы 9,3 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.

17 мамырдағы жағдай бойынша бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Сонымен қатар 596 отбасына 878 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілді.

Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауында. Президенттің тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың барлығына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары