Қырғыз Республикасының Ош қаласында төтенше жағдай жарияланды

Режим ахуалды реттегенге дейін күшінде болады.

Қырғыз Республикасының Ош қаласында төтенше жағдай жарияланды
сурет: көрнекі сурет / kaktus.media
6377

Қырғыз Республикасындағы толассыз жауын-шашын, тұрақсыз ауа-райына байланысты "төтенше жағдай режимі" енгізілді. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

ОШ мэриясының мәліметінше, мұндай шешім Ош қаласының мэрі Бақытбек Жетігеновтың төрағалығымен өткен азаматтық қорғау штабының отырысында қабылданған. Режим селдің салдарын реттегенге дейін күшінде болады.

Су басу қаупі бар аумақтарды тазарту, су тасқынынан қорғау арналары мен тосқауылдарын қалпына келтіру, профилактикалық іс-шараларды күшейту, қалалық ирригациялық желілер мен су бұру каналдарының жағдайын бақылау, сондай-ақ сел арналарына арнайы техниканың кедергісіз кіруін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын күшейтілді, - деп жазылған Ресми мәліметте.

Серіктес жаңалықтары