Хоккейден Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды

Қазақстандық хоккейшілер алты ұпай иеленіп, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды

Хоккейден Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды
©IG/kazakhstanhockey
888

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы жетінші ойынында Польша командасын жеңіп, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Чехияда өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы поляктарды 3:1 есебімен жеңді. Кездесу есебін алдымен поляктар ашқан еді, алайда одан кейін Никита Михайлис есепті теңестіріп кетті. 51-минутта Валерий Орехов құраманы алға шығарды. Ал 55-минутта Роман Старченко салған шайба командаға жеңіс сыйлады.

Осылайша, қазақстандық хоккейшілер алты ұпай иеленіп, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды. Ал Польша командасы топ-дивизионнан шығып қалды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы оған дейін Францияны (3:1) жеңіп, ізінше Словакия (2:6), Латвия (0:2), Швеция (1:3), Германия (2:8) және АҚШ (1:10) командаларынан жеңіліп қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары