Қытайда әлеуметтік желілер аста-төк байлықты көрсететін жазбаларды өшіре бастады

Байлығымен мақтану үшін салынған контенттерді өшіру "интернеттегі мәдени ортаны тазарту" науқанының бір бөлігі ретінде сипатталып отыр.

Қытайда әлеуметтік желілер аста-төк байлықты көрсететін жазбаларды өшіре бастады
сурет: jingdaily
680

Қытайдағы әлеуметтік медиа компаниялар "аста-төк байлықты көрсететін және ақшаға табынатын" жазбаларды өшіре бастады. Байлығымен мақтану үшін салынған контенттерді өшіру "интернеттегі мәдени ортаны тазарту" науқанының бір бөлігі ретінде сипатталып отыр. Бұл туралы Guardian басылымы жазды.

Сәрсенбіде желіде жарияланған мәлімдемеде Weibo осы айда "қажетсіз құндылыққа бағытталған контент", соның ішінде "байлықты көрсету және ақшаға табыну" мазмұны бойынша арнайы басқару жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеген.

Мәлімдемеде компания сәнді көліктер мен қымбат жылжымайтын мүлікті көрсететін жазбалар нысанаға алынатыны айтылған. Сондай-ақ, байлықпен бірге келетін бостандық туралы мақтаныш жазбалар да жойылып отырады.

Басқа әлеуметтік медиа компаниялар, соның ішінде Tencent, Douyin және Xiaohongshu да осындай мәлімдемелер жасады.

Серіктес жаңалықтары