Алматыда мопедшілер мен көлік жүргізушісі арасында төбелес болды

Жазба авторы жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенін айтады.

Алматыда мопедшілер мен көлік жүргізушісі арасында төбелес болды
azattyq-ruhy.kz
613

Куәгерлер жуырда Алматыда болған төбелестің видеосын жариялады. Видео авторының айтуынша, төбелес мопедшілер мен көлік жүргізушісі арасында болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Nur.kz  сайтының мәліметінше, видео Telegram-дағы zhest_kz арнасында жарияланған. Видеодан адамдардың төбелесіп жатқанын, олардың кейбірінің мотоцикл дулығасын кигенін, беті-қолы қан ер адамды көруге болады.

«Жол-көлік апатынан кейін мопедшілер автокөлік жүргізушісіне тап берді. 27 мамырда Сайран маңында екі мопедші мен автокөлік жүргізушісі арасында осындай жағдай болды», - делінген жазбада.

Видео сипаттамасында мопед жүргізушілерінің бірі көліктің бамперін сырып кеткені айтылған. Жазбада соның кесірінен төбелес шығып, мопедшілер жүргізушіге шабуыл жасап, оның басынан арматурамен ұрған делінген.

Жазба авторы жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенін айтады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайт бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сондай-ақ полиция өкілі қазір күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары