Елордада оқушы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Марлен Көшербай елордалық үйлердің бірінің қасында өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды.

Елордада оқушы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды
zhanaqorgan-tynysy.kz
606

Астанада 11-сынып оқушысы Марлен Көшербай ерлігімен көзге түсіп, өзенге батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

№52 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Марлен Көшербай елордалық үйлердің бірінің қасында өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды.

12 мамыр күні сағат 11 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтады.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінге көмекке ұмтылып, судан аман-есен шығарып алды.

Марлен Көшербай – оқуының үздігі, спортпен тұрақты айналысады. Белбеу күресінен жасөспірімдер арасында Астананың ашық біріншілігінде 55 келі салмақта «алтын» жеңіп алған, сол сияқты «Аршалы Барысы» турнирінің ІІ орын иегері. Бала кезінен көкпар спортына қатысады.

Бейбіт заманның батыры өз сөзінде кішкентай баланың өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылғанын айтты. Бүгін Марлен көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Астана қаласы білім басқармасы мен ТЖ департаментінің атынан марапатталды.

 

 

Серіктес жаңалықтары