«Ешбір зат бақыт сыйламайды»: Ерке Есмахан дүние-мүлікке құнықпау керегін айтты

Өнер иесі адам өмірінде бақыт пен жан тыныштығының алар орны зор деп санайды.

«Ешбір зат бақыт сыйламайды»: Ерке Есмахан дүние-мүлікке құнықпау керегін айтты
Фото: smi24.kz
847

Әнші Ерке Есмахан оқырмандарына рухани байлықтың маңызы жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

"Құрметті арулар! Әрбір ару ең дәмді асты сүйсіне жеуге, әлемнің ең әдемі жерлерінде рахаттанып қыдыруға, ең қымбат бұйымдарды назданып тағуға лайық. Бұған күмән болмасын! Бірақ бұл нәрселер бірсәттік қуаныш береді. Ал үнемі бақыт пен жанның тыныштығын  беретін – рухани байлық. Өмірдің "шын кайф" екенін өзіңді өзің тапқан кезде білесің. Айтпағым, ешбір зат бақыт сыйламайды. Менің баға жетпес байлығым – денсаулық, сүйіктіммен үйлесім, отбасымдағы гармония, өнердегі орным, ішімдегі жанталас пен асығыстықтың жоқтығы. Ал әшекей, көлік, саяхат, тағы басқасы – аз уақыттық ләззат қана. Сіздерге де, жан мен тән тыныштығын және бақыт пен байлық тілеймін. Өзің миллионер, күйеуің миллионер, екеуің қосылып миллиардер болыңдар", – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары