Жамбыл облысының тұрғыны 86 жастағы әкесін ұрып-соққан

Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Жамбыл облысының тұрғыны 86 жастағы әкесін ұрып-соққан
cretalive.gr
976

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотында қарт әкесін ұрған ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады turkystan.kz.

2024 жылдың наурыз айында құқық бұзушы 86 жастағы қарт әкесіне дөрекі сөздер айтып, ұрып-соғып, оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сотта жәбірленуші аталған фактілерді растап, олар медиация тәртібімен татуласқандықтан, соттан істі қысқартуды сұрады

«Өз кезегінде, ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, жанжал кезінде ашуланып, өзін ұстай алмай, әкесінің қолын көтергенін көрсетті. Жасаған ісіне өкініш білдіріп, жәбірленушімен татуласуға байланысты іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады», - делінген хабарламада.

ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес, осы Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оны әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен татуластырғаны үшін тоқтатылуға жатады. Татуласу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.

Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары