«Келін мінсіз болуға міндетті емес»: Ерке Есмахан енелерге ақыл айтты

Әнші Ерке Есмахан кейінгі уақытта философиялық ойларымен жиі бөлісіп жүр.

«Келін мінсіз болуға міндетті емес»: Ерке Есмахан енелерге ақыл айтты
instagram.com/erke_esmahan
1198

Эстрада әншісі кезекті жазбасы арқылы енелер қауымына өзекті мәселе төңірегінде ақыл айтты, деп жазды turkystan.kz.

 

“Маған көп хат келіп жатыр. Енелер жағы «келінім оңбады, сендей болғанда ғой» деп, келіндер жағы «енеммен сыйыса алмаймын, сыйлық сыйламаймын» деп жазып жатыр. Мінсіз болуға ене де, келін де міндетті емес. Жақсы қарым-қатынасты өзімізден бастайық. Өзімізге махаббатты, назарды берсек, айнала соны қайталайды… Айнала – айна! Енелер, өтініш, «келіндер маған міндетті» деген ойды қояйық.

Келіндеріңізге өз өздерін табуға, тануға уақыт беріп көріңіздер. Әйелдер дамыса, бақытты болады. Әйел бақытты болса, сіздің ұлыңыз, ұрпағыңыз да бақытты. Келіндер, өтініш, енелеріңіздің кей тұстарын қабылдауға тырысыңыздар. Қанша шетел боламыз дегенмен біз қазақпыз. Ата енелеріміздің түсінігі басқашалау. Жанұя болып, бала сүйіп, жайқалып отырғаныңыз сол ене тәрбиелеген ұлдың арқасы. Үлкендерді өзгертетін біз емес. Өзімізден бастайық”, – деп жазды Ерке Есмахан.

Серіктес жаңалықтары