788
Астанада краннан құлап кеткен оператор көз жұмды
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Астанада мұнара кранының операторы биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мұнара кранынан түсу кезінде оператор биіктіктен құлап кетіп, алған жарақатынан қайтыс болды», - деп жазылған хабарламада.
Sputnik.kz сайтының мәліметінше, аталған факті бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария етілмейді.