Алматы облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Алматы облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысты
Алматы облысы ПД
650

«Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 222 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады turkystan.kz.

El.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, автобус жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. 

Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Он бір жолаушы түрлі жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.

Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Серіктес жаңалықтары