Қазақстандық жас жазушының кітабы түрік тіліне аударылды

Жас жазушы, журналист Жәмила Бақтиярқызының «Бәйшешек» атты кітабының түрік тіліндегі «Kardelen» атты нұсқасы оқырманға таныстырылды.

Қазақстандық жас жазушының кітабы түрік тіліне аударылды
701

Жас жазушы, журналист Жәмила Бақтиярқызының «Бәйшешек» кітабының түрік тіліне аударылған нұсқасы жарыққа шықты.

Кеше Ыстамбұл қаласындағы «Medipol» университетінде жас жазушы, журналист Жәмила Бақтиярқызының «Бәйшешек» атты кітабының түрік тіліндегі «Kardelen» атты нұсқасы оқырманға таныстырылды.

«Ата-бабамыздың келешек ұрпақ – бізге деген сенімі, біздің Қазақ атын әлемге паш етерімізге осы сенімді ақтау жолында Отанға қызмет ету – зор бақыт. «Бәйшешектің» түрік тіліне аударып, бауырлас түрік халқына ұсынудағы ниетім осылай туды», – дейді Жәмила Бақтиярқызы.

Тұсаукесер кеште Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулы Нұриддин Аманқұл құттықтау сөз сөйледі.

Жәмила Бақтиярқызы Өнербаева Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазір Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің магистратура бөлімінде білім алып жатыр. Жас қаламгер бұған дейін «Бәйшешек сенім, күрес, жеңіс» және «Қарлығаш махаббат ескерткіші» атты екі кітап жазған. Ол кітаптар әлем халықтарының бірнеше тілдеріне, атап айтқанда: өзбек, қырғыз, орыс, кәріс, ағылшын, ұйғыр, испан, француз тілдеріне аударылды.

Серіктес жаңалықтары