740
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
«Қазгидромет» РМК 1-3 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
«Көптеген өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Температуралық фонға келетін болсақ, республиканың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 17-27 жылыға дейін, ал еліміздің оңтүстігінде 27-35 жылыға дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі», - делінген хабарламада.