Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының төрағасын қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының төрағасын қабылдады
Akorda
Автор
Админ
491

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының спикеріне ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға жасаған сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

– Біз араб мемлекеттері арасынан, ең алдымен, Мысырмен дипломатиялық қатынас орнаттық. Бүгінде Мысыр – Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі басты серіктестерінің бірі. Сындарлы саяси диалог жолға қойылды. Көптеген екіжақты шарт пен келісім жасалды. Осы қарқынды бәсеңдетпей, ынтымақтастықты нығайта түсу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Сауда-экономикалық байланыстар екіжақты қарым-қатынастарымыздың басты негізі болуға тиіс. Бұған қос мемлекеттің әлеуеті толық жетеді, – деді Президент.

Әбделуахаб Әбделразеқ Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары