Бразилия тұрғыны оң аяғын 210 градусқа бұрып, рекорд орнатты (ВИДЕО)

Бұған дейін бұл рекордты үш ер адам орнатқан болатын.

547

Бразилиялық Ренато Байма Гая Гиннес әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды рекордтар кітабының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол оң аяғын 210,66 градусқа бұрып, жаңа рекорд тіркеді. Ренато аяғының иілгіш екенін 30 жыл бұрын байқағанын айтады.

"Мен еш жаттықпадым. Бұл – табиғи талант", – дейді ол.

Бұған дейін бұл рекордты үш ер адам орнатқан болатын. Алайда Ренато соңы рекордты 180 градусқа арттырды. Ал әйелдер арасындағы рекорд АҚШ тұрғыны Келси Граббқа тиесілі. Ол аяғын 171,4 градусқа бұра алады.

Серіктес жаңалықтары