Алматы әкімдігі «Қазақстан» қонақ үйін сотқа берді

«Қазақстан» қонақүйінің жанындағы субұрқақты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген.

Алматы әкімдігі «Қазақстан» қонақ үйін сотқа берді
istockphoto.com
529

Алматы әкімдігі субұрқақты рұқсатсыз қайта жөндеуден өткізгені үшін «Қазақстан» қонақүйінің иесіне қарсы іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта субұрқақтың жұмысы тоқтап тұр.

«Crown Star» ЖШС меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 316-бап,(Объектiлердi және олардың кешендерін жобалау құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау құжаттамасы бойынша салу), 1-бөлігі (Объектiлердi және олардың кешендерін, жобалау құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау құжаттамасы бойынша салу  және 321-бап (Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру) бойынша шаралар қабылданды. Бүгінде басқарма ұйғарымды мәжбүрлеп орындауға сотқа талап-арыз береді», – деп нақтылады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы ретте Алматы мәдениет басқармасы қонақүйдің жанында көрсетілген субұрқақ ескерткіштің бөлігі емес екенін, алайда ол күзет аймағының аумағында орналасқанын атап өтті.

«Қазақстан» қонақүйінің ғимараты Алматы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сәйкес Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Осыған байланысты объект аумағында қандай да бір құрылыс немесе реконструкциялау жүргізу үшін меншік иесіне тиісті ғылыми-жобалау құжаттамасын дайындау және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қажеттілігін негіздеу қажет болды. Алайда бұл орындалмады,ғимараттың иесі басқармаға жүгінбеді», – деп жауап берді қала әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары