Бас редакторлар клубының есеп беру конференциясы өтті

«Бас редакторлар Клубы» – 2007 жылда құрылған және құрамына Қазақстанның 300-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері кіретін ерікті қоғамдық бірлестік.

Бас редакторлар клубының есеп беру конференциясы өтті
2472

Бүгін «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті. 

Есеп беру кездесуінде Клубтың құрылған күнінен бастап атқарған жұмысы мен ұйымдастырған іс-шаралары туралы белгілі журналист, медиаменеджер, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай баяндама жасады.

Конференцияда сөз алған «Nur Media» холдингінің бас директоры Бақтияр Мәкен клубтың БАҚ пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастық орнатудағы маңызын баса айтты. Сондай-ақ ол жуырда қабылданған «Масс медиа» туралы заң аясында кәсіби журналистиканың этикалық негіздерінің мәніне тоқталды.
 


Кездесу соңында қоғамдық бірлестіктің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері және жаңа мүшелері сайланды. 
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері – вице президенттері:
1. Мұратбек Тоқтағазин – Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы, профессор;
2. Ринат Кертаев - «Halyq Uni Media» медиахолдингінің директоры;
3.Қамбар Ахметов– журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры орынбасары;
4. Марат Башимов – қоғам қайраткері, «Человек и закон»  газетінің бас редакторы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
5. Нұрбол Төлебаев – «QRNews.kz» ақпараттық агенттігінің бас директоры, Phd докторы;


Клубтың жаңа мүшелері:
Ильхам Ибрагим - «7 арна» бас директоры;
Жайнагүл Төлеміс - «Хабар» телеарнасының директоры;
Жасын Біркенов -  «24KZ» телеарнасының директоры;
Нағашыбек Алдан - «Казинформ» АА бас редакторы;
Нұрбол Төлебаев - QRNews ақпараттық агенттігінің бас директоры;
Зарина Қуатова - «Тараз 24» телеарнасының директоры.
 
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып журналист, медиаменеджер Бибігүл Құламан бекітілді.

«Бас редакторлар Клубы» – 2007 жылда құрылған және құрамына Қазақстанның 300-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері кіретін ерікті қоғамдық бірлестік. Бас редакторлар Клубының негізгі мақсаты – мемлекетте шығармашылық атмосферасын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді бәсекелестікті нығайту, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту.

Серіктес жаңалықтары