Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы өмірден өтті

Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов 1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы өмірден өтті
ДСМ баспасөз қызметі
622

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Талапқали Ізмұхамбетов қайтыс болды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, КСРО денсаулық сақтау үздігі, медицина қызметкерлерінің көптеген ұрпақтарының тәлімгері Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов қайтыс болды.

Талапқали Әбішұлы кәсіби қызметін хирург дәрігерден бастады, содан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Медициналық қоғамдастықтың, көптеген студенттердің, әріптестердің есінде ол жарқын ерекше тұлға, өз ісінің үлкен энтузиасты болып қала береді, ол ұлтты сауықтыру бойынша бірқатар ірі бастамалардың авторы болды.Денсаулық сақтау министрлігі Ұлы дәрігердің барлық жақындары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Талапқали Әбішұлының баға жетпес еңбектері, ауқымды идеялары қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарының денсаулығы үшін қызмет ететін болады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары