Қазақстандық әйелге сурет үшін айыппұл салынды

Атыраудың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша істі қарады

Қазақстандық әйелге сурет үшін айыппұл салынды
istockphoto.com
447

Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды. Бұған әлеуметтік желідегі сурет себеп болды, деп хабарлады turkystan.kz Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.

Атыраудың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша істі қарады.

Атырау тұрғыны "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.

"А-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды", - делінген сотта.

Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары