Өлімге итермелейтін 237 топ бұғатталды

Өлімге итермелейтін 237 топ бұғатталды

Өлімге итермелейтін 237 топ бұғатталды
ашық дереккөзі
279
2016 жылы әлеуметтік желіде суицидті насихаттайтын 161 топ өз жұмысын тоқтатқан. Ал 2017 жылдың басында «ВКонтакте», «Instagram» желісінде осы мазмұндағы 237 бірлестік пен топ бұғатталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Михаил Комиссаров мәлімдеді. «ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ақпарат айдынындағы мәліметтерді заң аясында тексеріп отырады. Егер ол заңға қайшы келсе, ол ақпаратты шығарған интернет ресурсқа арнайы ескерту жіберіледі. Сондай-ақ, заңға қайшы келетін ақпараттарды өшіру бойынша министрлік танымал әлеуметтік желілермен тығыз байланыс орнатқан», – деді ол. Кейін басшы өткен жылы елімізде заңға қайшы келетін қанша материалдың алынып тасталғандығын атап өтті. «2016 жылы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, ерікті түрде 110 мыңнан астам материалөшірілді. Сондай-ақ, 144 сот шешімі күшіне енді. Мемлекеттің органдардың 70-тен астам бұйрығымен 32 мыңға жуық ақпарат алынып тасталды», – деді төраға орынбасары. Сонымен қатар Михаил Комиссаров әлеуметтік желіде суицидті насихаттайтын топтарға қарсы қызу жұмыс жүрізіліп жатқандығын алға тартты. «Ал азаматтарды өлімге итермелейтін материалдар туралы айтатын болсақ. 2015 жылы біздің бастамамызбен әлеуметтік желідегі 157 бірлестік пен топ өз жұмысын тоқтатты. 2016 жылы 161, ал осы жылдың басында «ВКонтакте», «Instagram» желісіндегі 237 бірлестік пен топ бұғатталды», – деп түйіндеді сөзін ол.  Baq.kz

Серіктес жаңалықтары