«Райммен бірнеше рет жүздесті»: Ерке Есмахан марқұм әкесі жайлы жазды

Әнші биыл әкесінің дүниеден озғанына төрт жыл болғанын айтты.

«Райммен бірнеше рет жүздесті»: Ерке Есмахан марқұм әкесі жайлы жазды
instagram
592

Танымал эчтрада әншісі Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында марқұм әкесіне әсерлі жазба арнады.

Өнер иесі биыл әкесінің дүниеден озғанына төрт жыл болғанын айтты.

«Асқар тау әкеміздің өмірден өткеніне 4 жыл. Алла рахымына алсын. Әкеміздің құрдастары мен жақындарды шақырып, ағамның шаңырағында ас беріп жатырмыз. Әкем 2020 жылы індеттен 82 жасында өмірден өтті. Алла рахымына алсын. Асқар тау әкешім.

Әкем мен анам Мүслімді тәрбиелеп өсірді. Раим әкеммен бірнеше рет жүздесіп, дастархандас болған еді. Отбасы болғанымызды көргенде ғой. Исламды бір рет иіскегенде ғой деп іштей ойлап, жылап алатыным бар. Өмір-ай.

Әкем өмірден өткен соң анама оңай болған жоқ. Төзімді, жаны жұмсақ анашым. Алла ұзақ ғұмыр берін, мен сізді жақсы көремін. Аналарымыз аман болсын», - деп жазды эстрада жұлдызы.

Серіктес жаңалықтары