«Ашамайға отыру»: Абай облысында 500 бала бір уақытта атқа мініп, рекорд орнатты

Ашамайға отыру – баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салт.

«Ашамайға отыру»: Абай облысында 500 бала бір уақытта атқа мініп, рекорд орнатты
Абай облыстық білім басқармасы
1868

Абай облысында Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына орай 500 бала бір уақытта атқа мінді, деп хабарлайды Arnapress.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, абайлық жас өрендер «ашамайға отыру» дәстүріне бірінші рет атсалысып тұр. Іс-шараның басты мақсаты –ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жастарды дәстүрге баулу.

Бұл іс-шараға 4-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Дайындық жұмысы екі айға жалғасты. Мұнда балалар атқа қалай дұрыс отыру керектігін үйренген.

Осылайша, бір уақытта атқа мінген абайлықтар түркітілдес елдер арасында рекорд орнатып, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов 500 баланы сапқа тұрғызып, рекорд орнатқаны туралы сертификатты салтанатты түрде табыстады.

Серіктес жаңалықтары