«Ол тек менікі»: Сәбит Әбдіхалықов жеке өмірі туралы мәлімдеме жасады

Сәбит Әбдіхалықов сұқбат басында жеке өмірі туралы сұрақ қойылса орнынан тұрып, кетіп қалатынын ескертті

514

Танымал актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов жеке өмірі туралы сұрақ қойған журналиске жауап беруден бас тартты. Өнер иесі бұл тақырыпта аясында неге сұхбат бергісі келмейтінін түсіндірді.

Сәбит Әбдіхалықов сұқбат басында жеке өмірі туралы сұрақ қойылса орнынан тұрып, кетіп қалатынын ескертті. Актер бұл жайында халыққа сырын ақтарғысы келмейтінін жеткізді.

«Жеке өмірім жайында талқылағым келмейді. Жеке өмір ол тек менікі. Оны елмен бөлісіп, талқылағанды қаламаймын. Шығармашылық, әдемі өмір жайында сырласуға болады. Жеке өмірім туралы сұрақ басталса, орнымнан тұрамын да кете беремін. Халық қызықса, қызықсын енді. Әркім өзі біледі. Кейбірі ашып айта береді. Бірақ менің ұстанымым басқа. Мен жеке өмірім туралы айтпаймын, айтқан да емеспін", - деді өнер иесі «БазарLike» бағдарламасында.

Серіктес жаңалықтары