Қолында баласы бар ер адамды ұрған Бейбіт Шүменов сотталмайтын болды

Бейбіт Шүменовке қатысты Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген

Қолында баласы бар ер адамды ұрған Бейбіт Шүменов сотталмайтын болды
instagram.com/beibutshumenov
577

Былтыр жазда Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелескен қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке жарияланған мемлекетаралық іздеу күшін жойған. Ішкі істер министрлігі істің мән-жайын айтып берді, деп жазады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бейбіт Шүменовке қатысты Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

«Қазіргі уақытта тергеу нәтижесі бойынша және жәбірленушілерден келіп түскен кешірім беру арызы негізінде Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс және қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қазаға ұшыратумен байланысты емес және онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса, сондай-ақ келген залалды өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», — делінген агенттік жолдаған сауалдың жауабында.

Серіктес жаңалықтары