Қырғыз азаматы Қазақстанда құлдыққа түскен

Ол досымен бірге Қазақстанға ақша табу үшін барған, бірақ екеуі де құлдыққа түсті.

Қырғыз азаматы Қазақстанда құлдыққа түскен
istockphoto.com
602

Қырғыз азаматы Қазақстанда құлдыққа түскенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz сайты 24.kg-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қырғызстандық Мақсат Есенбаев Қазақстанда еңбек құлдығына түскен. Ол Қырғызстан билігінен көмек сұраған. Бейнеүндеу әлеуметтік желілерде жарияланды.

 «Ер адамның айтуынша, 1984 жылы Ыстықкөл облысының Экинчи Көк-Мойнок ауылында дүниеге келген. Ол досымен бірге Қазақстанға ақша табу үшін барған, бірақ екеуі де құлдыққа түсті.

Мақсат Есенбаев жақында қашып шыққан. Оны қырғызстандық жүк тасушылар байқап, Жамбыл облысы Мерке ауылына дейін жеткізген. Қырғызстан азаматы жаңа құжаттар алғысы келеді, өйткені бұрынғысын жұмыс берушісі тартып алған. Ол Отанына оралу үшін туыстарын іздейді», - деп жазылған басылым мәліметінде.

Қырғыз елінің Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлаған.

 

Серіктес жаңалықтары