«Анашым, сен маған керексің»: Жәнібек Савельев елден көмек сұрады

Бельгиялық қазақ Жәнібек Савельев Қазақстаннан анасын әлі іздеп жүр.

«Анашым, сен маған керексің»: Жәнібек Савельев елден көмек сұрады
видеодан алынған скрин
759

Шетелдік азаматтардың қолында өскен Жәнібек анасы жайлы жан тебірентерлік видео жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Мен 2023 жылдың соңында Қазақстанға туған анамды іздеп бардым. Соңғы айларда біз анамды табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткіздік. Мысалы, «Бармысың, бауырым?» редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы мен туған кезде басқа баламен ауысып кетуім мүмкін екенін анықтады», – деп жазды ол. 

Ол анасын кездестіретініне сенімді.

«Менің туған шешем менің оның туған ұлы екенімді білмейтін шығар, менің оқиғамды естімей жүрген шығар... мүмкін оның 2002 жылдың қаңтарында дүниеге келген баласы мен шығармын. Ол қазір менің орныма ауысып кеткен баланы туған ұлым деп ойлап жүруі де мүмкін  ғой», – дейді Савельев.

Сондай-ақ ол өзін асырап алған бельгиялық анасы жайлы да айтты.

«Анашым, сен маған керексің. Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Ес білгелі сіз туралы ойламаған сәтім жоқ. Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, бауырлар! Өтінемін, осы видеоны барынша таратыңыздаршы.  Өтінішім туған анама немесе туыстарыма жетеді деп үміттенемін», – деп жазды ол. 

Серіктес жаңалықтары