Түркиядағы қазақ диаспорасы – екі ел арасындағы алтын көпір

Кездесу соңында «Отандастар қоры» КеАҚ басшысы Д.Қадыров: «Қазақ-түрік бауырластығы нығая берсін. Түр­киядағы қазақ диаспорасы – бауырлас екі ел ара­сындағы алтын көпірдің берік кепілі», – деп сенім білдірді.

Түркиядағы қазақ диаспорасы – екі ел арасындағы алтын көпір
1346

ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отан­­дастар қоры» КеАҚ мен Қазақстанның Ыстан­бұлдағы Бас консулдығының ұйымдас­тыруы­мен ондағы қазақ киіз үйінде қазақ диаспора өкілдерімен келелі кездесу өтті. 

Алқалы жиынға Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, «Отандастар қоры» КеАҚ пре­зиденті Данияр Қадыров, Түркия Әділет және даму партиясы Орталық шешімдер және басқармасының мүшесі Решиде Юксел, «Қазақкент Алтай» қоғамының бас­қарушы мүшесі Жанымхан Жаңалтай, Қожа Ахмет Яссауи қорының мүшесі Рамазан Авджы, «Қазақстан мә­дениет және сауда орталығы» басшысының орын­басары Ержан Уайыс, «Қазақ-түрік білім және зерттеу» қоға­мы (KATEAD) басшысы Сүлейман Өзпарк,  Түркия­да басылатын «Қазақ елі» журналының бас редакторы Ертолқын Гайретуллах және т.б. ұйым басшылары мен белсенділер қатысты. 
Кездесу барысында Түркиядағы қазақ диаспора­сы­ның екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік және мә­дени капиталды дамытуға қосқан үлесі мен рөлі ту­ралы кеңінен айтылды.
«Отандастар қоры» КеАҚ президенті Д.Қадыров Түр­киядағы қазақ диаспорасына барынша қолдау көр­сету­ге мүдделі екенін, шетелдегі әр қазақ диаспорасының еліміз үшін орны ерекше екенін атап өтті. Жиында Түр­киядағы этникалық қазақ жастарының бойына ұлт­тық құндылықтарды сіңіру, ана тілін сақтап қалу мәселесі сөз болды.
Өз кезегінде, диаспора өкілдері Түркиядағы қазақ диас­порасының қазіргі жағдайы, жетістіктері, проб­лемалары мен оларды шешу жолдарына қатысты ұсы­ныстарын алға тартты. 
Сонымен қатар кездесуде диаспора өкілдері үшін Қазақ­станға танымдық сапарлар ұйымдастыру, ортақ қоғамдық, мәдени-гуманитарлық іс-шаралар өткізу мүмкіндігі талқыланды.
Бас консул Н.Аманқұл диаспораның екіжақты эко­но­микалық және инвестициялық ынтымақтастықтағы рөлі және т.б. мәселелерін баяндады.
Кездесуден кейін Қоғам президенті Д.Қадыров Ыстанбұл қаласындағы қазақ мәдени ұйымдарының кеңселерін аралады. 
Сондай-ақ Зейтүнбурну ауданындағы Абай атын­дағы мектептің қабырғасында Қазақстан Бас консул­дығының бастамасымен ашылған домбыра курсының жұмысымен танысты. 
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отан­­дастар қоры» КеАҚ қолдауымен өтіп жатқан Ыс­тан­­бұлдың Бағджылар ауданында орналасқан «Қа­зақ­кент Алтай» қоғамының домбыра курстарына барып, үйір­ме қатысушыларының өнерін тамашалады. 
Шығармашылық ұжым Атажұртқа деген ыстық ықы­ласы мен алғысын жеткізді. 
Атап айтсақ, Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас кон­сулдығы 2023 жылы Қазақстан Республикасының Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе жоғарыда аталған ұжымдарға ұлттық аспабымыз домбыраны сыйға тартқан болатын. 
Мазмұнды жиын барысында қиырдағы отандас­тары­мыз жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі «Қоржын» жиынтығы Ыстанбұлдағы «Қазақкент Алтай» қоғамына табысталды. Ол жиынтық қазақтың салт-дәстүрі мен тамыры те­реңнен бастау алатын құндылықтарын дәріптеп жүрген қара шаңырақтың кәдесіне жарамақ.
Кездесу соңында «Отандастар қоры» КеАҚ басшысы Д.Қадыров: «Қазақ-түрік бауырластығы нығая берсін. Түр­киядағы қазақ диаспорасы – бауырлас екі ел ара­сындағы алтын көпірдің берік кепілі», – деп сенім білдірді.

Ә.ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары