CҚО-да суға кеткен үйлердің орнына 60 үй сатып алынды

Қызылжар ауданында суға батқан, жоғалған мал үшін өтемақы 2,4 млн теңге мөлшерінде төленіп, 100%-ға орындалды.

CҚО-да суға кеткен үйлердің орнына 60 үй сатып алынды
Автор
Админ
334

Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауыл жұртшылығына тұрғын үй беру және суға батқан, жоғалған мал үшін өтемақы төлеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде ауданда қираған баспананың орнына 60 үй сатып алынған.

Өңірге іссапармен келген Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода су тасқыны салдарын жою жұмыстарымен танысты. Мәжілісмен жұмыс сапарының бірінші күні Ольшанка, Вишневка, Соколовка және Вагулино ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Қазіргі таңда ауданның кейбір зардап шеккен тұрғындарына дайын үй берілсе, қалғандары баспанасын қалпына келтіруге материалдық көмек алды. Қазір жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы, Қызылжар ауданында 1 546 үй зардап шекті.

«Су тасқыны кезінде құрылған комиссия Үкіметтің қаулысымен бекітілген заң бойынша жұмыс атқарып жатыр. Қызылжар ауданында сатып алынатын тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 90 мыңнан басталып, 283 мың теңгеге дейін жетеді. Мамандар үйді баспананың орналасқан жері негізінде бағалайды. Осы орайда суға кеткен үйдің ауданы мен отбасы мүшелері міндетті түрде ескеріледі», – деп атап өтті Дмитрий Колода.

Бұдан басқа, Қызылжар ауданында суға батқан, жоғалған мал үшін өтемақы 2,4 млн теңге мөлшерінде төленіп, 100%-ға орындалды. Жалпы, су тасқыны кезінде аталған ауданда 27 бас мал қырылған.

Серіктес жаңалықтары