1354
Батыс Қазақстан облысында 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді
Бәйтерек ауданы Щапов ауылы тұрғындарының сөзіне қарағанда, жазатайым оқиға 30 маусым күні түс ауа болған.
Батыс Қазақстан облысында 2 жасар ұл баланы жылқы теуіп кеткен, деп хабарлады turkystan.kz порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенмен, аман алып қала алмаған.
Марқұм бүгін жерленді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбайыров пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Төребек Маратов оқиғаның болғанын растады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.